Әл-Каида басшысының басына 7 миллион доллар бәйге тігілді

АҚШ Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы басшысы Абу Убайда әл-Аннабидің басына бәйге тікті.

1651110
Әл-Каида басшысының басына 7 миллион доллар бәйге тігілді

АҚШ әкімшілігі террор ұйымы Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы болған Мағриб Әл-Каидасы жетекшісі Абу Убайда әл-Аннаби туралы нақты ақпарат бөліскендерге 7 миллион доллар бәйге жариялады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында Мағрибтегі Әл-Каида жетекшісі әл-Аннабидің басына бәйге тіккені хабарланды.

Бұған қарағанда АҚШ әкімшілігі әл-Аннабидің орны немесе оның куәлігін анықтауға көмектесетін ақпар үшін басына тігілген 7 миллион доллар төлейді.

Мәлімдемеде ұйымның бұрынғы басшысы Абдельмалек Дроукдал 2020 жылы маусым айында өлтірілген соң ұйымның басшысы болып әл-Аннаби тағайындалғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар