Қатерлі ісікті емдеуде "Троя жылқысы" дәрісі

Қатерлі ісік жасушалары мен бактерияларын сау тіндерге зиян келтірмей өлтіретін дәрі жасалды.

1649607
Қатерлі ісікті емдеуде "Троя жылқысы" дәрісі

Дәрінің сенімділік сынағы жалғасуда.

Тойымсыз ісік жасушалары өмір сүру үшін жоғары мөлшерде тағамды тұтынады.

Англияда Эдинбург университетінің зерттеушілері ісік жасушаларымен күресу үшін Троя жылқысы тактикасын қолданды.

Зерттеушілер қатерлі ісіктерді өлтіретін SeNBD шағын молекуласын қатерлі жасушаларды алдау үшін химиялық тағамдық қосылыспен біріктірді.

Қосылыс «метаболизмді соғыс тұмсығы» деп аталды.

Сынамаларда әрі тұқы тәрізді балықтар, әрі адам жасушалары қолданылды.

SeNBD сау тіндерді айтарлықтай дәрежеде бұзбайды және басқа қатерлі ісік ингибиторлары тудыратын шаш жою сияқты жанама әсерлердің алдын алуға да көмектеседі.

Техниканың қауіпсіздігі мен қатерлі ісіктің ерте сатысында тез емдеу әдісін растау үшін көбірек тестілеу қажет.

Грек мифологиясындағы "Троя жылқысы" Троя қаласына кіру мақсатты қолданылған ағаштан жасалған мүсін болатын.

Троя жылқысын сыйлық деп қабылдаған соң оны қала қабырғаларына кіргізген кезде дәу ағаш жылқының ішінде жасырынған жауынгерлер шығып, қамалды жаулап алды.



Ұқсас жаңалықтар