Еуроодақта вакцина сертификаты атқарылады

Еуропа Одағы елдерінде вакцина сертификаты жүйесінің 1 шілдеден бастап атқарылуы күтілуде.

1649124
Еуроодақта вакцина сертификаты атқарылады

Еуропа Одағы комиссиясы мүше елдерге Еуропа Одағы тарапынан мақұлданған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасын ектірген кісілерге саяхаттарда сынама немесе карантин атқарылмауын ұсыныс етті.

Еуропа Одағы комиссиясы ұсынысында Еуропа Одағы сандық Ковид-19 сертификатына ие болған және Еуропа Одағы тарапынан мақұлданған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасының екінші дозасын ектіргеніне 14 күн болған кісілерге саяхаттарда сынама немесе карантин жасалмайды.

Ковид-19 індетінен сақайып, бір доза вакцина ектірген кісілер де сертификат алып, сынама және карантиннен құтылады.

Ковид-19 індетін жұқтырған соң сауыққан кісілер сертификат алып, «Оң ПТР сынағы» жасалғаннан кейінгі 180 күн ішінде қосымша саяхат шектемесіне ұшырамайды.

Жағдай ауырласып, жұғымдалу ауыр болса, саяхат еркіндігі қайталай қаралады. 

Еуропа Одағы елдерінде вакцина сертификаты жүйесінің 1 шілдеден бастап атқарылуы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар