Мьянмада қаза тапқандар саны 840-қа жетті

Жалпы адам шығыны 840 болып жаңарса, 4 мың 409 адамның қамауда екені атап көрсетілді.

1648674
Мьянмада қаза тапқандар саны 840-қа жетті

Мьянмада әскери төңкеріс және үкімет мүшелерін қамауға алуға қарсы шерулер жалғасуда. Қауіпсіздік күштері демонстранттарға килігіп, қаза тапқандар саны 840-қа жетті.

Саяси қамауға алынған адамдарды қолдау қоғамы жариялаған күнделікті есепте елде соңғы 24 сағаттың ішінде тағы 3 адам қаза тапқанын растағаны білдірілді.

Жалпы адам шығыны 840 болып жаңарса, 4 мың 409 адамның қамауда екені атап көрсетілді.

1 мың 881 адамды қамауға алу туралы бұйрығының әлі күшінде екеніне назар аударылды.

 



Ұқсас жаңалықтар