Колумбияда шерулер себепті кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырауда
Колумбияда кәсіпкерлер наразылық акцияларын протест етті.
Колумбияда мыңдаған адам елде бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан жаппай демонстрацияларды тоқтату үшін шеруге шықты.
Бас қала Боготада жиналған әртүрлі сала өкілдері, кәсіпкерлер мен азаматтар наразылық акциялары себепті үлкен экономикалық шығынға ұшырағандарын атап шерулердің аяқталуын талап етті.
Шеру аяқталғанша ұрандар көтерген халық жолдардағы қоршауды алып тастауды және қауіпсіздік күштеріне қарсы соңғы күндері күшейген зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.
Ел көлемінде 32 күннен бері «ұлттық ереуіл» жарияланып, автокөлік жолдарын жиі жауып тастау және құрылған баррикадалар кәсіпорындарды қаржылық қиындықтарға душар етіп, нарықтағы бағалардың өсуіне себеп болған еді.
Екінші жағынан Колумбия президенті Иван Дюкенің бұйрығымен 8 әкімшілік облыс пен 13 қалада сарбаздардың жергілікті билікпен келісе отырып жұмыс істейтіні және полицияға одан көбірек қолдау көрсететіні айтылды.
Наразылық акцияларының бірінші айын аяқталуына байланысты 28 мамыр күні ел көлемінде көшеге шыққан мыңдаған адамның үкіметке қарсы наразылығы кезінде Калидегі оқиғаларда 13 адам қаза тауып, Боготада 185 және Меделлинде 16 адам жарақат алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.