Қарулы кісілер медресеге шабуылдады

Олар шәкірттерді алып қашты.

1648613
Қарулы кісілер медресеге шабуылдады

Батыс Африкадағы Нигерияда қарулы кісілер бір медресеге шабуылдады. Нигер штатындағы оқиғада бір кісі қаза тапты.  Жүзден астам оқушыны шабуылдаушылар алып қашты.

Бұл туралы Нигер штаты полиция бөлімшесінің баспасөз хатшысы Абиодун мәлімдеді.  Ол медресеге мотоциклмен келген кісілердің оқ жаудырғанын айтты. Шабуылда бір кісі қаза тауып, медресенің оқушылары алып қашырылды. Алып қашырылған шәкірттердің саны әзірге нақты емес. Баспасөз хатшысы қауіпсіздік күштерінің жұмылдырылғанын айтып, халықты тыныштыққа шақырды.

Ел баспасөзі жүзден астам шәкірттің алып қашырылғанын жазды.

Елде соңғы кезде террорлық акттерде қолданылғаны үшін кейбір штаттарда мотоцикл жүргізуге тыйым салынған еді.



Ұқсас жаңалықтар