Нигерияда қарулы топ алып қашқан студенттер босатылды

Нигерияның Кадуна штатында 20 сәуір күні қарулы адамдар жекеменшік бір университеттен алып қашқан 14 студент босатылды.

1648253
Нигерияда қарулы топ алып қашқан студенттер босатылды

Нигерияның Кадуна штатында 20 сәуір күні қарулы адамдар жекеменшік бір университеттен алып қашқан 14 студент босатылды.

Кадуна штаты ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Самуэль Аруван жекеменшік Грин Филд университетінен алып қашқан 14 студенттің босатылғанын жариялады.

Аруван олардың қалай босатылғандығы туралы ақпар бермеді, студенттердің отбасыларға тапсырылғанын мәлімдеді.

Қарулы адамдар 20 сәуір күні жекеменшік Грин Филд университетіне жасағандары шабуылда 19 студентті әкетті. Студенттердің бесеуі 23 сәуір күні мектеп жанынан табылды.

Кадуна штаты губернаторы Насыр Ахмад ар-Руфаи студенттерді босату үшін талап етілген ақшаның төленбейтінін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар