Қытай кемелері Жапония су алабына кірді

Қытай күзет кемелері Сенкаку аралдарына маңында 18 рет Жапония су алабына кірді.

1647864
Қытай кемелері Жапония су алабына кірді

Қытайдың 4 күзет кемесі  Шығыс Қытай теңізінде егемендік дау-дамайы болған Сенкаку аралдары маңында Жапония су алабына кірді. 

Окинава провинциясына қарасты Наха ауданындағы 11-ші аймақ Жағалау қауіпсіздік басқармасының мәліметіне қарағанда Қытай күзет кемелері Жапония су алабына кірді.

Дау-дамайы болған Сенкаку аралдарында таңғы сағат 03.00 мөлшерінде жылжыған екі кеме аймақтағы Сенкаку аралының 20 шақырым солтүстігіне жақындады. 

Таңғы сағат  09.00 мөлшерінде Қытайға тиесілі екі кеме тағы да аймаққа келіп, басқа күзет кемелеріне қосылды. 

Жапония Жағалау қауіпсіздік басқармасы Қытайға тиселі кемелерге аймақтан шығу туралы ескерту жасады.

Жапон хабар агенттігі NHK-нің хабарына қарағанда Қытай күзет кемелері Сенкаку аралдарына маңында 18 рет Жапония су алабына кірді. 

Қытайды 1 ақпанда іске қосылған заң өз жағалау қауіпсіздігіне аталмыш аралдарда қағидаларға бойсұнбаған шетелдік кемелерге қарсы қару қолдану билігі бірілуде.

 



Ұқсас жаңалықтар