Мысырдан Израиль, Хамас және Палестинаға келіссөз шақыруы

Израиль Қоғамдық хабар тарату ұйымы тақырыппен байланысты жаңалыққа орын берді.

1646685
Мысырдан Израиль, Хамас және Палестинаға келіссөз шақыруы

Мысыр Израиль мен Хамас және Палестина әкімшілігі арасында Газа секторындағы жағдайды жақсарту және атысты тоқтату режимін нығайту сияқты тақырыптар бойынша келіссөз жүргізуге шақырды.

Израиль Қоғамдық хабар тарату ұйымында орын алған хабарда Мысырдың Израиль, Хамас және Палестина әкімшілігін бас қала Каирдегі келіссөздерге қатысуға шақырғаны атап көрсетілді.

Келіссөздердің аймақта атысты тоқтату туралы ұзақ мерзімді келісімге келу, Газаны қайтадан қалпына келтіру және Хамас тұтқындаған израильдіктердің кері қайтарылуы сияқты тақырыптардың қолға алынатыны атап көрсетілді.

Екінші жағынан Йедиот Ахаронот газетінің хабарына қарағанда, мысырлық бір делегация соңғы күндері бұл ұсынысты талқылау үшін Израиль, Рамаллах және Газада жиналыстар өткізді.

Хабарда Израиль мен палестиналықтар арасындағы келіссөздердің Мысыр бітімгерлігінде бас қала Каирде жүзеге асуының күтілгені айтылды.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрі Энтони Блинкеннің Мысыр мемлекет басшысы Абдулфеттах эс-Сиси және Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукримен кездесуіне назар аударған хабарда АҚШ-тың да бұл кездесулерге қатысқаны айтылды.

Израиль келіссөздерге қатысқан жағдайда, Израиль атынан делегацияға Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Мейр Бен-Шаббаттың басшылық жасайтыны білдірілді.

Израиль армиясы радиосы да Израильден шағын бір делегацияның келесі аптаның басында Каирге баруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Израиль, Хамас және Палестина әкімшілігі бұл тақырыппен байланысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар