Путин мен Байден 16 маусымда бас қосады

Екі лидердің кездесуінде барлық шұғыл мәселелер мен жаңа типті коронавирус індеті және аймақтық қақтығыстар қолға алынатыны білдірілді.

1645555
Путин мен Байден 16 маусымда бас қосады

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден 16 маусымда Швецарияның Женева қаласында бас қосады.

Путин мен Байденнің тұңғыш бетпе-бет кездесуі жайлы Кремль мен Ақ Үйден мәлімдеме жасалды.

Екі лидердің кездесуінде барлық шұғыл мәселелер мен жаңа типті коронавирус індеті және аймақтық қақтығыстар қолға алынатыны білдірілді.

16 маусымда Швецарияның Женева қаласында бас қосу шешімі Мәскеу мен Вашингтонның айлар бойы жалғасқан "лайықты үшінші ел ізденістерінен" кейін жасалды. 

Екі ел арасындағы дағдарыс Байденнің наурыз айындағы бір сөзінде Путинді "Қандықол" деп атауынан және санкция шешімінен кейін артқан болатын.   



Ұқсас жаңалықтар