АҚШ Мемлекеттік хатшысы Израильде

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығыс сапарын Израильден бастады.

1645254
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Израильде

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль мен Хамас арасында Газадағы атысты тоқтату режимін қолдау үшін өзінің Таяу Шығыс сапары аясында Тель-Авивке барды.

Израиль мен Хамас арасында 21 мамыр күні қол жеткізілген атысты тоқтату режимін қолдау және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу тақырыптары күн тәртібінде болатын туры аясында Блинкен Израиль, Палестина, Мысыр және Иорданияда келіссөздер өткізетінін мәлімдеді.

Блинкеннің бүгін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху және Сыртқы істер министрі Ашкеназимен кездесудің артынан Рамаллаға өтіп, Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас және премьер-министр Мұхаммед Иштиййемен бас қосуы күтілуде.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы кейін Мысыр мен Иорданияға ресми сапармен барады.

Израильдің оккупациялаған Иерусалимнің шығысындағы Әл-Акса мешітінде ораза айында ғибадаттарын жасаған мұсылмандарға шабуылы және Шейх Джеррах аумағы тұрғындарын үйлерінен күштеп шығару жоспары аймақтағы қызуды арттырған еді.

Израиль оккупациялаған Газа секторында 10 мамыр күні басталған шабуылдар Хамаспен жасалған атысты тоқтату туралы келісімге сәйкес жергілікті уақытпен сағат 02:00-де тоқтаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар