Иорданиядан екі мемлекетті шешім шақыруы

Иордания королі Израиль-Хамас арасында қол жеткізілген бітімге назар аударды.

1644491
Иорданиядан екі мемлекетті шешім шақыруы

Иордания королі Абдуллах II Израиль мен Хамас арасында қол жеткізілген атысты тоқтатудың тұрақты болуы үшін аймақтық және халықаралық күш-жігерді күшейтудің міндеттілігін түсіндірді.

Король Абдуллах ІІ жасаған мәлімдемесінде атысты тоқтатудың тұрақты болуы және осылайша палестиналықтардың заңды құқықтарын қолдарына алатын саяси бір шешімге орта дайындау үшін аймақтық және халықаралық деңгейде күш-жігерді күшейтудің міндетті екеніне назар аударды.

Әділ және ауқымды бейбітшілікке қол жеткізу үшін екі мемлекет шешімінен басқа баламаның жоқтығына баса назар аударған Иордания королі Иерусалимдегі мұсылмандар мен христиандар үшін қасиетті жерлерді қорғау үшін барлық талпыныстарды жалғастырып жатқандықтарын атап көрсетті.

Израиль мен Иордания арасында 1994 жылы 26 қазан күні қол қойылған «Вади Арабе Бейбітшілік келісімі» және Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас пен Иордания королі Абдуллах II арасында 2013 жылы наурыз айында бекітілген «Иерусалим мен қасиетті жерлерді қорғау» келісіміне сәйкес, Иорданияның Иерусалим мен Палестина жеріндегі қасиетті құндылықтарды қорғау құқығы бар.

Израиль оккупациялаған Газа секторына 10 мамыр күні бастаған шабуылдар Хамаспен жасаған атысты тоқтату туралы келісім бағытында жергілікті уақытпен сағат 02:00-де тоқтаған болатын.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында 66-і бала, 39-ы әйел, барлығы 248 палестиналық қаза тауып, 120 мыңнан астам адам баспанасыз қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар