Мьянмада жағдай

Қаза тапқандар саны артты.

1641892
Мьянмада жағдай

Мьянмада әскери төңкеріске және үкіметтің мүшелерін қамауға алуға қарсы шыққан топтар мен қауіпсіздік күштері арасындағы килігу жалғасуда. Осы оқиғаларда қазірге дейін қаза тапқандардың саны 805-ке жетті.

Саяси тұтқындарға көмек ұйымының есебінде Мьянмада соңғы бір тәулікте тағы үш кісінің өлтірілгені білдірілді.  Қаза тапқандардың жалпы саны 805 деп көрсетілді.  4 мың 146 адам қамауда отыр.  Тағы да 1722 адам жөнінде қамауға алу шешімі берілген.

Сонымен қатар Мьянманың Қытайға шекаралас Шан аймағында төңкеріске қарсы қарулы этникалық топтардың бірі Качин Тәуелсіздік армиясы Мьянма армиясының мұнай таситын танкерлерін тоқтатып, өртеп жіберді. Оқиғада көлік жүргізушілеріне қол тигізілмеді. Барлығы бес танкер мұнай өртеніп кетті.



Ұқсас жаңалықтар