Израиль операцияны тоқтату үшін мерзім сұрады

Газа секторына бағытталған шабуылдың қашан аяқталатыны белгісіз.

1641549
Израиль операцияны тоқтату үшін мерзім сұрады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы шабуылдарын аяқтау үшін Америка Құрама Штаттарынан 2-3 күн мерзім сұрады.

Америка Құрама Штаттарының лауазым иелері жексенбі және дүйсенбі күні Газаға шабуылдарын тоқтатуын сұрады. Нетаньяху болса Израиль армиясының операциясын аяқтау үшін қосымша уақыт сұрады.

Лауазым иелері сонда да Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарының сәрсенбі немесе бейсенбі күні аяқталатынын растай алмады.

Израильдің “Walla News” газетінің тілшісі Барак Рафид те бүгін CNN телеарнасында осындай мәлімет жариялады.



Ұқсас жаңалықтар