Нетаньяху шабуылдың жалғасатынын айтты

Нетаньяху: "Газаға бағытталған шабуылдарда АҚШ-ты қамтыған күшті қолдауымыз бар. Халықаралық қоғамның қолдауы бар, біз бұны қолданудамыз" деді.

1640354
Нетаньяху шабуылдың жалғасатынын айтты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа Секторына бағытталған шабуылдарда АҚШ-ты қамтыған халықаралық қоғамның қолдауын алғандарын, шабуылдардың жалғасатынын айтты.

Израиль премьер-министрлік басқармасынан жасалған мәлімдемеде Беньямин Нетаньяхудың Израильдің Газаға шабуылдарын талқылау мақсатымен қорғаныс, барлау ұйымы және әскери басшылармен кездескені хабарланды.

Кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жасаған Беньямин Нетаньяху Газа Секторына бағытталған операциялардың барлық күшпен жалғасатынын айтып, Израильдің әскери операцияларда нысанаға жету үшін уақыт керек екенін білдірді. 

Операциялардың ұзақ жалғасатынын айтқан Нетаньяху:

"Газа Секторына бағытталған шабуылдарда АҚШ-ты қамтыған күшті қолдауымыз бар. Халықаралық қоғамның қолдауы бар, біз бұны қолданудамыз" деді.

Нетаньяху Газада Хамасқа қарасты мың нысана атылғанын, ауыр зардап жасалғанын, нысаналардың әлі толық жоылмағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар