Мьянмада соңғы жағдай

Қақтығыстарда өлген адам саны 796-ға жетті.

1640631
Мьянмада соңғы жағдай

Мьянмада әскери төңкеріске және сайланған үкімет мүшелерінің қамауға алынуына қарсы шыққан қарулы көтерілісшілер мен қауіпсіздік күштер арасындағы қақтығыстарда өлген адам саны 796-ға жетті.

Саяси тұтқындарға көмек ұйымының күнделікті есебінде елде соңғы бір тәулікте алты адамның қайтыс болғаны білдірілді.

Барлық өлім-жітім 796 деп, қамаудағы кісілердің саны 3 998 деп көрсетілді. 1679 адам жөнінде қамау шешімі берілген.

Мьянма армиясы 2020 жылдың 8 қараша күні сайлауда заңсыздық болды деген сылтаумен елде 1 ақпан күні билікті тартып алды.



Ұқсас жаңалықтар