Палестинаға жәрдем жайлы үндеу тасталды

Палестиналық медицина қызметкерлері қоғамы Палестина денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық жәрдем жасау жайлы үндеу тастады.

1639736
Палестинаға жәрдем жайлы үндеу тасталды

Қоғамнан жасалған мәлімдемеде Израильдің Шығыс Иерусалим және Газаға жасаған шабуылы мен қырғыны Түркияда өмір сүретін палестиналық медицина қызметкерлері тарапынан айыпталғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде 74 жылдан бері Палестинаны жаулаған қарақшы сионизм күштерінің барша әлемнің алдында көпе-көрнеу әйел және балаларға қарамастан қырғындарын жалғастырғаны, Палестина халқының болса отанын өз мүмкіндіктерімен қорғауға тырысқаны еске салынды. 

Мәлімдемеде "Барлық ресми ұйымдар және азаматтық ұйымдарды Палестина денсаулық сақтау ұйымдарына жедел жәрдем беруге шақырамыз. Біз де Түркияда тұратын палестиналық медицина қызметкерлері ретінде қолымыздан келген көмекті жасауға дайынбыз. Президент Режеп Тайып Ердоғанға және ұлы түрік ұлтына Палестина халқының қасында болғаны үшін шексіз алғыс айтамыз" делінді.



Ұқсас жаңалықтар