Қытай ғарыш аппараты Марс бетіне сәтті қонды

Бұл — Қытайдың басқа ғаламшарда ғарыш зондын қондырған алғашқы жағдай.

1639698
Қытай ғарыш аппараты Марс бетіне сәтті қонды

Марсты зерттейтін қытайлық «Тайвэнь-1» аппараты ғаламшар бетіне сәтті қонған. 

Америка Құрама Штаттары және Ресейден кейін Қытай Марс бетіне ғарыш аппаратын қондырған үшінші ел болды. 

«Тайвэнь-1» автоматты ғарышаралық станса 2020 жылғы 23 шілдеде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан «Чанчжэн-5» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған еді. Ақпан айында ол Марс орбитасына жетті.

Бұл--Қытайдың басқа ғаламшарда ғарыш зондын қондырған алғашқы жағдай.

 


Этикеттер: #Ресей , #Марс , #Қытай , #ғарыш

Ұқсас жаңалықтар