Макрон Аббаспен сөйлесті

Макрон Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббаспен телефонда сөйлесті.

1639164
Макрон Аббаспен сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббаспен телефонда сөйлесті.

Елисей сарайы хабарлама жариялап, президент Макронның аймақта қақтығыстың асқынуына алаңдайтынын,  қақтығыстардың тез арада доғарылуы үшін тараптармен байланысуға табанды екенін білдірді.

Хабарламада Макронның Аббаспен сөйлескені, Израильдің операциялары нәтижесінде қаза тапқандар үшін көңіл айтқаны атап көрсетілді. Макрон Хамас пен басқа да топтардың Израиль жеріне бағытталған шабуылдарын айыптады. Аббастан жағдайдың тынышталуы үшін қолынан келгенді істеуін сұрады.

Макронның Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен де сөйлесетіні білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар