Блинкен израильдіктерге көңіл айтып, палестиналықтарға көңіл айтпады

АҚШ мәлімдемешісі түрік тілшінің сұрағына жауап бере алмады.

1638254
Блинкен израильдіктерге көңіл айтып, палестиналықтарға көңіл айтпады

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен палестиналықтарға көңіл айтпады.

Энтони Блинкен Израильдік әріптесі Габи Ашкеназимен телефонда сөйлесті.  Әрі Израиль, әрі Палестина тарапына қызуды төмендету және қақтығысты доғару шақыруын тастады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс Блинкен мен Ашкенази арасындағы телефон әңгімесіне байланысты жазбаша хабарлама жариялады.  Хабарламаға қарағанда,  Блинкен Израильге бағытталған шабуылдарға орай уайымын тілге тиек етті.  Шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.  Блинкен Израиль шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар үшін көңіл айтпады.

Сонымен қатар TRT World арнасының тілшісі Юнус Паксой мен Нед Прайс диалогы да АҚШ-тың көзқарасын ашып берді.  Паксой «Палесстиналықтардың Израильге бағытталған зымыран шабуылдарын айыптадыңыз.  Бірақ кеше Израильдің бомбалауында өлтірілген балалар туралы айтпадыңыз.  Өлтірілген балалардың суреттерін көрдіңіз бе? Осы тақырыпта президенттік аппарат не айтады?» деген сұрақ сұрады. Прайс «Суреттерді көрдім.  Суреттерге қарап қиналмау мүмкін емес.  Міне,  тап сол үшін, бүгін бейбіт тұрмысты қорғау үшін келіспеушілікті азайтуға шақыру тастадық» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар