Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 11 адам қаза тапты
Забул провинциясында жолаушы автобусы нысанаға алынып шабуылда 28 адам жарақат алды.
Ауғанстанның Забул провинциясында жолаушы автобусы өтіп бара жатқан кезде жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 11 адам қайтыс болып, 28 адам жарақат алды.
Забул губернаторлығы мәлімдемешісі Гүл Ислам Сиял Забулдың Шехр-и Сафа ауданының Муска ауылында жолға орналастырған бомбаның бейбіт тұрғындар мінген жолаушылар автобусы аймақтан өтіп бара жатқанда кезде жарылғанын атап көрсетті.
Шабуылда 11 адамның қаза тапқанын, 28 адамның жарақат алғанын атап айтқан Сиял қаза тапқандар арасында балалар бар екенін білдірді.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігі шабуылға Талибанның жауапты екенін алға тартты. Қазірше шабуылды ешкім мойындаған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
2024 Нобель иелері анықталды
Медицина саласындағы осы жылғы Нобель сыйлығын Виктор Амброс пен Гари Рувкун алды.