Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 50 адам қаза тапты

Мәлімдемеші Тарык Арйен бір мектептің алдында ауызашар жасаған халыққа шабуыл жасалғанын жариялады.

1636697
Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 50 адам қаза тапты

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда бір мектептің алдында жасалған бомбалы шабуылда 50 адам қаза тапты.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемеде Кабулдың Дашт-и Барчи аймағында Сейид-ү Шүхеда мектебі алдында бомбалы шабуыл жасалғанын білдірді.

Шабуылда алғашқы мағлұматтар бойынша 30 бейбіт адамның қаза тауып, 52 адамның жарақат алғанын атап көрсеткен Арйен кейінгі мәлімдемесінде шабуылдағы құрбан санының 50-ге көбейгенін тілге тиек етті.

Оқу орталықтарының соғыстарда қол сұғылмау құқығына ие екенін еске салған Арйен бұл шабуылдың соғыс қылмысы екенін баса айтып, Талибанның шабуылда жауапкершілігі бар екенін мәлімдеді.

Талибан болса шабуылға қатыстары жоқ екенін алға тартып, шабуылды айыптағандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар