"Израиль бір ел емес, террор базасы"
Али Хаменей: "Израиль бір ел емес, террор базасы. Сол себепті оған қарсы соғысу баршаның міндеті" деп көрсетті.

Иранның діни көсемі Али Хаменей Израильдің палестиналықтарға жасаған зұлымдығын сындап:
"Израиль бір ел емес, террор базасы. Сол себепті оған қарсы соғысу баршаның міндеті" деді.
Иранда Иерусалим күніне орай телеарнаның тікелей эфиріне қатысқан Хаменей Израильдің палестиналықтарға жасаған шабуылдарын және кейбір араб елдерінің Израильмен байланыстарын жақсартуын сынға алды.
АҚШ, Ұлыбритания және Израильді "Палестинаның дұшпандары" деп атаған Хаменей мәселені шешу үшін осы күштерге сенбеу керектігін білдірді.
Али Хаменей:
"Сионистер Палестинаны алғашқы күннен бастап террористтер базасына айналдырды. Израиль бір ел емес, террор базасы. Сол себепті оған қарсы соғысу баршаның міндеті" деп көрсетті.
Иран лидері христиан және мұсылман діни қайраткерлерге Израильмен қарым-қатынастарын қалыпқа түсіруді арам деп жариялауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ресей мұнайын Украина арқылы тасымалдау тоқтатылды
Ресей мұнайын Украина арқылы Еуропаға жеткізу қызметінің тоқтатылғаны білдірілді.

БҰҰ: «Тек бейбітшілік қана Израиль-Палестина қақтығыстарын тоқтата алады»
БҰҰ Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесінің арнайы координаторы Тор Веннесланд мәлімдеме жасады.