Синабунг жанартауы күл шашты

Индонезияда Синабунг жанартауы оянып, от пен күл атқылап жатыр.

1635897
Синабунг жанартауы күл шашты

Индонезияның  Синабунг жанартауы 3000 метр биікке күл шашты. 

Индонезияның Суматра аралындағы Солтүстік Суматра провинциясында орналасқан Синабунг жанартауы атқылай бастады.

Лауазым иелері аймақта тұратын халықтың жанартаудан 5 километр алысқа кетуін сұрады.

Мөлшермен 400 жылдан кейін 2010 жылы қайтадан әрекеттенген Синабунг жанартауында 2014-2016 жылдары болған жарылыстарда 23 кісі қаза тапқан болатын.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар