Мьянмада мұсылман журналистің жағдайы

Кай Зон Нвай рамазанда ораза ұстағаны үшін камераға жатқызылды.

1635875
Мьянмада мұсылман журналистің жағдайы

Мьянмада әскери төңкеріске қарсы наразылықтарды жазғаны үшін ақпан айында қамауға алынған мұсылман журналист Кай Зон Нвай рамазанда ораза ұстағаны үшін камераға жатқызылды.

«Myanma Now» интернет парақшасында жұмыс істейтін журналист Нвайдың адвокаты Нилар Кин кешегі сот отырысында журналистің 28 сәуірден бері жалғыз адамдық камерада отырғанын білдірді. Оның ораза ұстағаны үшін камераға алынғанын айтқан адвокаты «Нвай іште ешбір наразылыққа араласпады. Тек ораза айында ораза ұстады.  Себепсіз камераға жатқызылды» деді.

 Ол журналистің жалғыза адамдық камерадан шығарылуы үшін әскери сотқа арыз жазғанын айтты.

Саяси тұтқындарға көмек ұйымының деректеріне қарағанда, 1 ақпан төңкерісінен бері Мьянмада 48 журналист қамауға алынған.



Ұқсас жаңалықтар