Колумбияда қаза тапқандар саны артты

Үкімет кездеуге дайын екенін білдірді.

1635678
Колумбияда қаза тапқандар саны артты

Колумбияда тоғыз күннен бері жалғасып келе жатқан салық реформасына қарсы наразылықтарда қаза тапқандардың саны 26-ға жетті.

Колумбия Омбудсман кеңсесі 28 сәуірде жалпы ереуілмен басталған наразылықтарда қаза тапқандар санының 26-ға жеткенін хабарлады.  Қазірге дейін жоғалып кеткен 145 азаматтың 55-і табылған.  90 кісі әлі ізделіп жатыр.

Колумбия Еңбек министрі Ангел Густодио Габрера үкіметтің Ұлттық ереуіл комитетінің өкілдерімен кездесуге дайын екенін айтты. Ол мемлекет басшысымен 10 мамыр күніне жоспарланған кездесуді мерзімінен бұрын өткізуге болатынын, үкіметтің бұған дайын екенін білдірді. Министр шерулердегі күш қолдануды тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар