Израиль күштері 10 палестиналықты жаралады

Израиль полициясы Иерусалимдегі Шейх Джеррах аумағында 10 палестиналықты жаралады.

1633384
Израиль күштері 10 палестиналықты жаралады

Палестина Қызыл жарты ай қоғамына қарағанда басқыншы күштермен шыққан шиеленіс кезінде 10 Палестина азаматы жарақат алып, бұлардың үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлер Израиль күштерінің Шейх Джеррах аумағындағы палестиналықтардың үйлеріне лас суды лақтырғанын, заңсыз қоныстанушылардың болса аумақ тұрғындарына шабуылдағанын атап көрсетті.

Израиль полициясының Шейх Джеррах аумағы тұрғындарымен ынтымақтасқан палестиналықтардың бірнешесін тергеуге алғанын тілге тиек еткен куәгерлер тұтқындалғандардың саны туралы мағлұмат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар