Ауғанстандағы жарылыста 21 кісі жараланды

Талибан сарбаздары Фарахтың Балабулак ауданындағы әскери басқармаға қарулы және бомбалы шабуыл жасады.

1633223
Ауғанстандағы жарылыста 21 кісі жараланды

Ауғанстанның Фарах уәлаятында мектеп маңында болған жарылыста 21 кісі жараланды.

Фарах Уәлаяты денсаулық директоры Абдул Жаббар Шахик жаралылардың 10-ы мектеп оқушылары екенін, үш кісінің қауіпті күйде болғанын хабарлады.

Фарах Уәлаят Кеңесінің төрағасы Дадуллах Кани Талибан сарбаздарының Фарахтың Балабулак ауданындағы әскери басқармаға қарулы және бомбалы шабуыл жасағанын баяндады.

Шабуылдан кейін болған қақтығыста екі тараптың да шығындалғанын айтқан Кани сарбаздардың кейбір әскерлерді кепілге алғанын білдірді.

Талибан тарапы тақырыпқа байланысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ.  



Ұқсас жаңалықтар