Мьянмада қақтығыс тоқтамады

Қауіпсіздік күштерінің оғынан қаза тапқандардың саны 759-ға жетті.

1631289
Мьянмада қақтығыс тоқтамады

Мьянмадағы қарсылық шерулерінде қауіпсіздік күштерінің оғынан қаза тапқандардың саны 759-ға жетті.

Оңтүстік шығыс Азия Ұлттар одағы  (ASEAN)  жиналысында Мьянмада қақтығыстың тоқтатылуы шешімінің қабылданғанына қарамастан тоғыз кісі өлтірілді.

Саяси Тұтқындарға көмек ұйымының деректеріне қарағанда,  елде соңғы бір тәулікте тағы үш адамның қаза тапқаны расталды. Қаза тапқандардың барлығының саны 759, қамауға алынғандар саны 3 мың 461 болды. 1276 кісі жөнінде қамауға алу шешімі берілді.

24 сәуір күні Индонезияда өткен ASEAN лидерлер жиналысында Мьянмада қақтығыстың тез арада тоқтатылуына шешім қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар