Израильде болған қыспақ салдарынан 44 адам қаза тапты

Израиль полициясы Мерон тауындағы қыспаққа байланысты тергеу жүргізе бастады.

1631437
Израильде болған қыспақ салдарынан 44 адам қаза тапты

Израильде Лаг ба-Омер мерекесін тойлау салтанаты кезінде туындаған қыспақтың салдарынан 44 адам қаза тапты, 103 адам жарақат алды. 

Оқиға Галлиледе Мерон тауында он мыңдаған ультраортодоксальды еврей жиналған Лаг ба-Омер мерекесін тойлау салтанаты кезінде болды. 

Премьер-министр Беньямин Нетаньяху оқиға туралы твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Нетаньяху мәлімдемесінде оқиғаның өте аянышты екенін және жарақат алғандарға дұға қылғандарын білдірді. 

Израиль полициясы Мерон тауындағы қыспаққа байланысты тергеу жүргізе бастады. 

 



Ұқсас жаңалықтар