Германияда мұсылман саны артты

Германиядағы мұсылмандар саны 5.6 миллионға жетті.

1630316
Германияда мұсылман саны артты

Германиядағы мұсылмандар саны иммигранттардың көші-қоны себепті 5.6 миллионға жеткені білдірілді.

Федералды көші-қон және босқындар басқармасы (BAMF) және Германия Ислам конференциясының зерттеуі нәтижесінде көштің себебімен соңғы 6 айда мұсылмандардың саны 900 мың артқаны және 5.3 пен 5.6 миллион кісі болғаны білдірілді.

Зерттеуде Германиядағы мұсылмандар саны елдегі жан санының 6.4 немесе 6.7 пайызын ұстағаны хабарланды. 

Германияда Түркиядан көшіп барған мұсылмандар саны 2.5 миллион кісімен ең ірі мұсылман тобын құрайды.  Түркиядан барған мұсылмандардың мөлшері жалпы мұсылмандар санының 45 пайызын иелейді.

Германиядағы мұсылмандардың 47 пайызының Германия азаматы екені де хабарланды.                                 



Ұқсас жаңалықтар