Ресей шетелдіктерге қарсы шаралар жасады

Орыс үкіметі достыққа жат әрекет жасаған елдер тізімін, Ресейде келісім жасайтын нақтылы адамдардың санын және шаралардың уақытын белгілейді.

1627235
Ресей шетелдіктерге қарсы шаралар жасады

Ресей президенті Владимир Путин шетелдердің "дұшпандық" әрекеттеріне қарсы шаралар жасауға байланысты шешімге қол қойды.

Орыс президенттік сарайы Кремльдің интернет парақшасында жарияланған шешімде Ресейге қарсы "дұшпандық" әрекет еткен АҚШ және басқа елдерге бағытталған шаралар жарияланды.

Шешімге сай елдің қауіпсіздігі мен мүддесін қорғау үшін аталмыш елдердің дипломатиялық өкілдіктер, консулдар және мемлекет ұйымдарының Ресейде тұратын адамдарымен жұмыс келісімдерін жасауы азайтылады, қажет деп табылса шектеледі.

Орыс үкіметі достыққа жат әрекет жасаған елдер тізімін, Ресейде келісім жасайтын нақтылы адамдардың санын және шаралардың уақытын белгілейді.

Аталмыш шектемелер аталмыш елдердің Ресейге келген дипломатиялық өкілдері үшін атқарылмайды. 



Ұқсас жаңалықтар