АҚШ Ауғанстанға 300 миллион доллар көмек береді

Блинкен тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасап,  Вашингтонның Кабул әкімшілігіне қолдау беруін жалғастыратынын айтты.

1626427
АҚШ Ауғанстанға 300 миллион доллар көмек береді

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен елінің Ауғанстанға 300 миллион доллар көмек беретінін білдірді.

Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы әскерлерін 11 қыркүйекке дейін елден толығымен әкетуі тақырыбы әлі өзекті мәселе. Блинкен тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасап,  Вашингтонның Кабул әкімшілігіне қолдау беруін жалғастыратынын айтты.  Ол «Ауғанстан халқына қолдау немесе инвестиция уәдеміздің бір бөлшегі ретінде 2021 жылы АҚШ Сыртқы істер министрлігі және АҚШ Халықаралық даму агенттігінен 300 миллион доллардық қосымша көмек берілуі үшін Конгреспен жұмыс істеудеміз» деді.

Осы көмектің негізінде 2020 жылдың қараша айында өткен Ауғанстан донорлары конференциясында уәде етілгенін еске салған Блинкен алайда Ауғанстанға көмектің жалғасуда екенін көрсету үшін бүгін күн тәртібіне келгенін айтты. Ол осы көмектің Ауғанстан халқына берілген азаматтық қызметтің жетілдірілуі үшін қолданылатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар