"Арандатушы әрекет жасағандар қатты өкінетін болады"

Ресей президенті еліне қарсы кез-келген арандатушы әрекет жасағандардың қатты өкінетінін мәлімдеді.

1625766
"Арандатушы әрекет жасағандар қатты өкінетін болады"

Ресей президенті Владимир Путин еліне қарсы кез-келген арандатушы әрекет жасағандардың қатты өкінетінін мәлімдеді.

Путин жылдық баяндамасында Ресейдің өзіне бағытталған провокацияларға қатаң және жылдам түрде жауап қайтаратындарын атап көрсетті.

Ресей президенті Мәскеудің басқа елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысып жатқанын және ешбір шетелдік мемлекеттің Ресейдің қызыл сызығын өтпейтінін үміт еткендерін айтты.

Путин өз сөзінде жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына назар аударып, 3 бөлек ковид-19 вакцинасын жылдамдықпен жетілдірудің Ресейдің технологиялық және өнеркәсіптік күшін көрсеткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар