Ресей Халықаралық Ғарыш стансасы жобасынан шегінеді

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің өзінің ғарыш стансасын құруды жоспарлағанын білдірген болатын.

1623584
Ресей Халықаралық Ғарыш стансасы жобасынан шегінеді

Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов елінің 2025 жылы Халықаралық Ғарыш стансасы жобасынан шығатынын айтты.

Ресей Премьер-министрлігінен жасалған мәлімдемеде Халықаралық Ғарыш стансасында техникалық мәселелер болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде стансаның техникалық жақтан қадағалануы және тексеру нәтижесіне қарай қажетті шешімдердің жасалуы керектігі жарияланды.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов тақырыпқа байланысты мәлімдемесінде:

"Ортақтарымызға 2025 жылы Халықаралық Ғарыш стансасы жобасынан шығатынымыз жайлы дұрыс мәлімет бергеніміз жөн" деді. 

Ресей президенті Владимир Путин 12 сәуірде басшылармен өткізген жиналыста Халықаралық Ғарыш стансасы жобасын қолға алған және Ресейдің өзінің ғарыш стансасын құруды жоспарлағанын білдірген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар