Индонезиядағы сел апатында 181 адам көз жұмды

Индонезиядағы сел апаты және лай көшкіні салдарынан көз жұмғандардың саны 181-ге ұласты.

1624014
Индонезиядағы сел апатында 181 адам көз жұмды

Индонезияда нөсерлі жаңбыр сел апаты және лай көшкіні жүрді. Осы апат салдарынан көз жұмғандардың саны 181-ге ұласты. 

Шығыс Нуса Тәңғара уәлаяты губернаторының орынбасары Джосеф Нае Сой соңғы іздеу және құтқару жұмыстарының нәтижесінде тағы да көптеген адамның мәйітінің табылғанын айтты.  

Жалпы қаза тапқандар санының 181-ге жеткенін атап өткен Джосеф хабар-ошарсыз кеткен 48 кісіні іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

Шығыс Нуса Тәңғара уәлаятына қарасты Флорес, Лембага және Алор қалаларында 5 сәуірден осы таңға дейін ықпалды болған тоқтаусыз жаңбыр салдарынан сел апаты және лай көшкіні жүрді.

Сел апаты және лай көшкінінен кейін мөлшермен 15 мың үй күйреді. 

 



Ұқсас жаңалықтар