Путин Қауіпсіздік Кеңесі жиналысын өткізді

Песков: "Жиналыста АҚШ-тың елге бағытталған жаңа санкцияларына қарсы шаралар қолға алынды" деді.

1622920
Путин Қауіпсіздік Кеңесі жиналысын өткізді

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік Кеңесі жиналысында АҚШ-тың еліне бағытталған жаңа санкцияларына қарсы шараларды талқылады.

Президенттік сарай Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков Путиннің Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерімен жиналысын өткізгенін айтты.

Путиннің Қауіпсіздік Кеңесі мүшелеріне АҚШ президенті Джо Байденмен телефондағы әңгімесі жайлы мәлімет бергеніне тоқталған Песков:

"Жиналыста АҚШ-тың елге бағытталған жаңа санкцияларына қарсы шаралар қолға алынды" деді. 

АҚШ президенті Джо Байден кибер шабуыл талпынысы және президенттік сайлауға киліккені сылтауымен  орыс дипломаттың қуылатынын жариялаған болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ-тың еліне бағыттаған жаңа санкция шешіміне жауап берілетінін білдіріп, "АҚШ-тың осындай ұшқалақ әрекеттеріне мықты жауап берілетінін" айтқан болатын.  



Ұқсас жаңалықтар