Оңтүстік Африкада құс тұмауы асқынып барады

Ботсвана, Намибия және Мозамбик Оңтүстік Африкадан тауық, жұмыртқа және құс жүні сияқты өнімдердің импортын шектеді.

1622922
Оңтүстік Африкада құс тұмауы асқынып барады

Оңтүстік Африкада құс тұмауы індеті таралғаннан кейін 3 ел Оңтүстік Африкадан құс еті импортын тоқатты. 

Жергілікті хабарларға қарағанда Оңтүстік Африка Құс шаруашылығы қоғамының бір тауық фермасында 300 құстың тұмаудан өлгенін жариялауына орай көрші елдер сақтық шараларын арттырды. 

Ботсвана, Намибия және Мозамбик Оңтүстік Африкадан тауық, жұмыртқа және құс жүні сияқты өнімдердің импортын шектеді.

Құс тұмауы тараған ферманың карантинге алынғаны білдірілді. 

Оңтүстік Африкада 2017 жылы құс тұмауынан өте көп құс өлген болатын.    



Ұқсас жаңалықтар