Ханзада Филипп бүгін жерленеді

Ұлыбритания көлемінде ханзада  үшін бір минуттық үнсіздік орнайды.

1623099
Ханзада Филипп бүгін жерленеді

Патшайым Елизавета II-нің 99 жасында қайтыс болған жұбайы Филипп соңғы сапарға аттандырылады.

Ханзада Филипптің жаназасының алғашқы сатысы Виндзор сарайында өтеді. Корольдік отбасы мүшелері Виндзор сарайынан рәсім өтетін шіркеуге барады.

Түркия сағатымен  16.45–те Ұлыбритания көлемінде ханзада  үшін бір минуттық үнсіздік орнайды. Жерлеу рәсімі 17:00-де басталады.

2017 жылы ресми қызметтерін тастаған ханзада Филипп Британия тарихында тақта ең көп отырған билеушінің жұбайы атанды.

Соңғы кездері денсаулығына байланысты қиыншылық шеккен ол бір ай ауруханада жатқаннан кейін наурыз айында Виндзор сарайына оралған болатын.

4 баласы, 8 немересі және 10 шөбересі бар Ханзада маусым айында 100 жасқа толар еді.



Ұқсас жаңалықтар