Мьянмада қаза тапқандар саны 726-ға жетті

Барлық өлім-жітім 726, 3 мың 151 адам қамауда деп білдірілді.

1622383
Мьянмада қаза тапқандар саны 726-ға жетті

Мьянмада әскери төңкеріс және үкімет мүшелерін қамауға алуға қарсы шерулер жалғасуда. Қауіпсіздік күштері демонстранттарға килігіп, қаза тапқандар саны 726-ға жетті.

Саяси тұтқындарға көмек ұйымының күн сайынғы есебінде соңғы бір тәулікте 12 адамның қаза тапқаны расталды. Барлық өлім-жітім 726, 3 мың 151 адам қамауда деп білдірілді.  Есепте төңкеріске қарсы 813 кісі жөнінде қамау шешімі бар. Соңғы бір тәулікте қамауға алынғандардың 36-сы шерулерді ұйымдастырған активситер деп аталды.

Сонымен қатар Мьянмада төңкеріске қарсы депутаттар тарапынан азаматтық үкіметті қайта алу үшін құрылған Ұлттық Мәжіліс өкілдік комитетінің CRPH бүгін кабинетін жариялайтыны білдірілді.

«Myanmar Now” газетіне мәлімдеме берген CRPH мүшесі 31 наурыз күні жарияланған Федералдық Демократия келісімі шеңберінде уақытша үкімет кабинетін анықтағандарын және кабинеттің халықтың даусымен сайланған кісілерден тұратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар