Энтони Блинкен Ауғанстанға барды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми іс-сапармен Ауғанстанға барды.

1622477
Энтони Блинкен  Ауғанстанға барды

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен шетелдік күштер Ауғанстаннан шегінсе де азаматтық соғыстың қайталанбайтынын айтты.  

Блинкен Ауғанстанда ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Ауғанстан халқының бұдан кейін соғыс қаламайтынын, баршаның бейбітшілік тілегенін атап өтті. 

Ауғанстан үкімет күштеріне қолдау беретінін түсіндірген Блинкен АҚШ әскерлері шегіннен кейін де Ауғанстанға жалғасты жәрдем беретінін білдірді.

Шетелдік күштерінің елден шығып кетуінен кейін 1990 жылдардағы сияқты азаматтық соғыстың болмайтынына назар аударған Блинкен бұл тақырыпта ешкімнің қайғысының болмауы керектігін баяндады. 

Блинкен "Егер Талибан бізідң әскерлерімізге шабуыл жасауға тырысатын болса, біз оларға ауыр соққы береміз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар