Асад режимі Сирияда 81 мың 916 баррель бомбасын қолданды

Сирия Адам құқықтары бақылау ұйымы Асад режимінің бомбалы шабуылдар туралы есебін жариялады.

1622671
Асад режимі Сирияда 81 мың 916 баррель бомбасын қолданды

Сирияда Башар Асад режимі ел көлемінде оппозицияның бақылауындағы азаматтық тұрғын аймақтарына соңғы 9 жылда жасаған шабуылдарда 81 мың 916 баррель бомбасы қолданды.

Сирияда бейбіт тұрғындардың заң бұзушылықтарын құжаттайтын Сирия Адам құқықтары бақылау ұйымы Асад режимінің 2012 жылы шілде және 2021 жылы сәуір айлары арасында жасалған баррель бомбалы шабуылдары туралы есебін жариялады.

Бұған қарағанда режим күштері оппозицияның бақылауындағы бейбіт елді мекендерге жасалған шабуылдарда 81 мың 916 рет баррель бомбасы қолданды және бұл шабуылдарда 1821-і  бала, 1780 әйел, барлығы 1187 бейбіт тұрғын қаза тапты.

2012 жылдан бастап режим тікұшақтары тарапынан тасталған баррель бомбаларымен құрамында улы газ бар 93 химиялық қарулы шабуыл жасалды.

Асад режимінің баррель бомбаларын бейбіт тұрғындарды көшуге мәжбүрлеу үшін қару ретінде қолданғаны баса айтылды және режим мен оның жақтастарының шабуылдары салдарынан миллиондаған бейбіт тұрғынның қоныс аударғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар