Абдулхамид Дибейбе Мәскеуге барды

Абдулхамид Дибейбе орыс әріптесі Михаил Мишустинмен кездесу үшін Ресей астанасы Мәскеуге барды.

1622257
Абдулхамид Дибейбе Мәскеуге барды

Ливия Ұлттық Бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе орыс әріптесі Михаил Мишустинмен кездесу үшін Ресей астанасы Мәскеуге барды.

Абдулхамид Дибейбе алдымен Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен барлау ұйымдары арасындағы ынтымақтастық және Ливия территориясындағы террор топтарына қарсы күресті кеңесті.

Ресей Қауіпсіздік Кеңесінен жасалған мәлімдемеде:

"Осы ынтымақтастық аясында негізгі түйін террористік топтарға қарсы күресу және осы топтардың Ливия территориясында ірге тебуін тосу екені атап айтылды" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде:

"Барлау ұйымдары мен әскери күштер арасында бір диалог орнатудың маңыздылығы дәріптеліп, Ресей мен Ливия арасында қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алды" деп жазылды.  

+



Ұқсас жаңалықтар