Орыс әскери кемелері Қаратеңізде жаттығуларын бастады
Жаттығуға Ресейдің Қырымдағы Қаратеңіз флоты құрамындағы кемелер мен тікұшақтар қатысуда.
Ресей әскери-теңіз күштері АҚШ-қа тиесілі әскери кемелер аймақтан қайтып кетпей тұрғанда Қаратеңізде әскери жаттығу бастады.
Ақпарат агенттіктерінің мағлұматтарына қарағанда жаттығуға Қырымдағы Ресей Қаратеңіз флотынан кемелер мен тікұшақтар қатысуда.
Жаттығуда құрлық пен әуедегі нысаналар атқыланады. АҚШ екі әскери кемесін Қаратеңізге қоныстану үшін жібергенін жариялаған еді.
Бұл қадам Ресейдің Украина шекарасындағы орыс әскерлері санын арттыру әрекетінің артынан басылған еді.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың әскери кемелерін Қаратеңізге жіберуін «провокация» деп атаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары тұтқындалды
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов «жемқорлықпен күрес» аясында ұсталды.