Ниамейдегі бір мектепте өрт шықты

Нигердің астанасы Ниамейдегі бір мектепте шыққан өртте мөлшермен 20 оқушы қаза тапты.

1620831
Ниамейдегі бір мектепте өрт шықты

Нигердің астанасы Ниамейдегі бір мектепте өрт шықты. Өрт апатында мөлшермен 20 оқушы қаза тапты. 

Өрт оқушылардың сабақта болған кезінде шықты. 

Кеннеттен 21 сыныптың алаулануымен сыныптан сыртқа қашуға үлгермеген 20-дай оқушы мерт болды. 

Қазір өрттің себептері тексерілуде. 

Нигер Біріккен Ұлттар Ұйымының 189 елден құралған Гуманитарлық дамыту индексінде әлемнің ең кедей елі ретінде орын алуда. Нигерде білім беру жағдайы да өте нашар. Оқушылар көбінесе жерде отырып сабақ тыңдауда. 

 



Ұқсас жаңалықтар