Мьянмада соңғы жағдай

Қарулы килігулердің нәтижесінде қайтыс болғандардың саны 714-ке жетті.

1620782
Мьянмада соңғы жағдай

Мьянмада әскери төңкеріс және үкімет мүшелерін қамауға алу істеріне қарсы шыққан шерушілерге қауіпсіздік күштері араласып келеді.  Қарулы килігулердің нәтижесінде қайтыс болғандардың саны 714-ке жетті.

Саяси Тұтқындарға көмек ұйымының есебіне қарағанда,  соңғы бір тәулікте төрт адамның қаза тапқаны расталды.

Барлығы 714 адам қайтыс болып,  3 мың 54 кісі қамауға алынды. 717 кісі жөнінде қамауға алу шешімі берілді.

Сонымен қатар Мьянманың Аракан штатындағы этникалық қарулы топтардың бірі Аракан армиясының басшысы штат көлемінде төңкеріске қарсы акция және қоғамдық тәртіпсіздік болмауын сұрады. Наинг осындай әрекеттердің Араканның автономдық құқықтарын кеңейту үшін жүргізілген істерге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Осы арада Мьянма армиясының MRTV телеарнасында төңкеріске қарсы алты белсенді жөнінде халықты арандатты деген себеппен өлім жазасына кесілгені білдірілді. Әскери сот төңкерістен кейін бірінші өлім жазасын 10 сәуірде беріп, қамаудағы 19 кісі өлім жазасына кесілген болатын. Осы 19 кісінің 27 наурыз күні Янгонда бір әскердің өлтірілуіне жауапты екені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар