Байден ең аз мигрант қабылдайтын президент болуы мүмкін

Халықаралық Құтқару комитеті IRC бір есеп жариялады.

1619372
Байден ең аз мигрант қабылдайтын президент болуы мүмкін

АҚШ президенті Джо Байденнің сайлау науқаны кезіндегі уәделері еске салынып: «АҚШ-тың жақын тарихта ең аз мигрант қабылдаған президенті болуы мүмкін» деген сөзге орын берілді.

Халықаралық Құтқару комитеті IRC бір есеп жариялады. Есепте Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп кезінде қол қойылған 15 мың адамдық мигрант квотасының жалғасып жатқаны еске салынды. Мұның АҚШ тарихындағы ең төмен квота екені білдірілді.

Есепте «Байден Трамп кезеңінің мигранттарға қарсы саясатын жиі сынағанына қарамастан,  елдің заманауи тарихында ең аз мигрант қабылдайтын президенті болуы мүмкін» деп айтылды.

Есепке қарағанда, Америка Құрама Штаттары 2021 жылы қабылдаған мигрант саны тек 2050. Осылай жалғасатын болса жылдың соңында қабылданған мигрант саны 4510 болады. Трамптың соңғы жылында 11 мың мигрант қабылданып, бұл ел тарихындағы ең төмен мигрант саны болатын.



Ұқсас жаңалықтар