АҚШ Иранға вакцина жолдануын тосты

Рухани: "Бір елмен келісім жасастық, америкалықтар кедергі жасады. Иранға 10 миллион доза вакцина жолдайтын компанияға қысым жасады және процесті тоқтатты" деді.

1617561
АҚШ Иранға вакцина жолдануын тосты

Иран президенті Хасан Рухани АҚШ-тыңқысымы себепті жаңа типті короанвирус (Сovid-19) індеті вакцинасында қиындық туылғанын айтты.

Ирактың белгілі аймақтарында аяқталған ғылым технология мен инновация жобаларының беташарына видео конференция арқылы қатысқан Рухани Ковид-19-ға қарсы жетілдірілген вакциналарға байланысты бағаландыру жасады.

Вакцина сатып алу үшін талпыныстар жасағандарын, жергілікті өндіріс үшін қадам басқандарын айтқан Рухани:

"Бір елмен келісім жасастық, америкалықтар кедергі жасады. Иранға 10 миллион доза вакцина жолдайтын компанияға қысым жасады және процесті тоқтатты. Жергілікті вакцинаның өндірілуі және нарыққа шығарылуы үшін еңбектенудеміз" деді.

Барлық елдің вакцина қиыншылығын тартқанын тілге тиек еткен Рухани вакцина өндірісінің жетерсіз екенін және қажетті қамдай алмағанын айтты.  



Ұқсас жаңалықтар