Түрік қарулы пилотсыз әуе көліктері неміс армиясын алаңдатуда

Неміс газеті: Қарулы пилотсыз әуе көліктері Арменияның 190-нан астам танк пен сауытты көлігін жойды.

1617394
Түрік қарулы пилотсыз әуе көліктері неміс армиясын алаңдатуда

Германияның алдынғы қатарлы газеттерінің бірі Frankfurt Allgemeine Zeitung (FAZ) Әзербайжан тарапынан қолданылған түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің Таулы Қарабахта Арменияның 190-нан астам танк пен сауытты көлігін жойғаны туралы жаңалықтың «неміс армиясын алаңдатқанын» жазды.

Мақалада түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің Әзербайжандағы жетістігінің Германия армиясын маңызды шаралар қабылдауға итермелегенін атап көрсетті.

FAZ-ың мақаласында Қорғаныс министрлігінің неміс армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дрондардың алдын алуда жеткіліксіз екенін мойындағаны баса айтылды.

Германия Федеральды қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэрдің бұл проблемадан шығу үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін тұтастай қайта құру бойынша бірнеше ұсыныстар дайындағаны атап көрсетілді.

Германияның 2013 жылы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін қажет етпегендіктен ешқандай модернизациядан өткізбегені тілге тиек етілген мақалада «Қазір қарулы пилотсыз әуе көліктерінің шабуыл қаупіне байланысты әуеден қорғаныс жүйесін жедел өзгерту қажет. Қарулы күштер мінсіз жағдайда емес. Алайда неміс армиясының дрон шабуылдарына қарсы іс жүзінде қорғаныссыз екенін мойындауы сюрприз болды» делінді.

Мақалада «Қақтығыстар кезінде Түркия өндірген және Әзербайжан тарапынан қолданылған қарулы пилотсыз әуе көліктері Арменияның 190-нан астам танк пен сауытты көлігін жойды. Армян әскерлері шабуылдарға қарсы қорғаныссыз болғаны себепті мазасыздандырды. Осымен байланысты жаңалықтар неміс армиясын алаңдатуда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар