Тунисте «Ливия үшін саяси келіссөз форумы» жиналды

Форум аясында жалпыхалықтық сайлаудың конституциялық негіздері талқыланады.

1617145
Тунисте «Ливия үшін саяси келіссөз форумы» жиналды

Ливиялық тараптар Тунисте ұйымдастырған «Ливия үшін саяси келіссөз форумы конституциялық комитет отырысы» басталды.

Отырыста 24 желтоқсан күні елде өткізілуі жоспарланған жалпыхалықтық сайлаудың конституциялық негіздері талқыланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ливия қолдау миссиясының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда БҰҰ Ливия Гуманитарлық жәрдем координаторы Жоржет Ганьëн үш күнге жалғасатын жиналыстың ашылу баяндамасын жасады.

Жиналысқа БҰҰ Ливия арнайы өкілі Жан Кубистің атынан өкілдік жасаған Ганьëн қатысушыларға «Алдағы парламенттік және президенттік сайлаудың жолын ашып, бірлік үшін жұмыстанатын және өтпелі кезеңнен шығуды қамтамасыз етесіз» деді.

Ганьëн бұдан басқа кез-келген бір нәрсе жасаудың қатысушылар мен Ливия халқы үшін өкініш әкелетінін және жол картасына бағыныштылығын бұзатынын атап көрсетті.

Сайлауды уақытында өткізу үшін конституциялық және сайлау ережелерінің шілде айының басына дейін дайындауға тиісті екендерін баса айтқан Ганьëн уақыт мәселесінің өте маңызды екеніне назар аударды.

Ганьëн «Сізге, сайлауды уақытында өткізуді қамтамасыз ететін нақты және жүзеге асырыла алатын ұсыныстарды жетілдіруге назар аударуды ұсынамын» деді.

БҰҰ басшылығында әртүрлі саяси және әлеуметтік тараптардың атынан сайланған 75 адаммен жүргізілген Ливия саяси келіссөз форумы елде 2021 жылы 24 желтоқсан күні жалпыхалықтық сайлау өткізуге шешім қабылдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар